Риддерде Мәңгілік алауға ер адам тауық етін қуырып жеген

Фото: видеодан скриншот

АЙМАҚТАР
1208

Риддерде Мәңгілік алауға тауық етін қуырып жеген адам ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Кейбіреулер ойлағандай ол баспанасыз адам емес, қаланың кәдімгі тұрғыны болып шықты. Жасы 31-де. Ол мас күйінде Мәңгілік алауда ет қуырған.

Әлденеге жеңіл-желпі тіскебасар жетпей қалған сыңайлы, содан оны осындай тосын жолмен дайындауды жөн көрген. Таңертең айыққанда ғана бұл әрекетінің қаншалықты орынсыз әрі ақылға қонымсыз болғанын түсінген болуы мүмкін. Бірақ тым кеш еді.

Полиция департаментінің мәлімдеуінше, ол «Ғимараттарды, басқа да құрылыстарды, тұрғын үй-жайларды, ортақ пайдалану орындарын, көліктегі және өзге де қоғамдық орындардағы мүлікті қорлау» бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайғылы жағдайда қаза тапқан 14 әскери қызметшінің отбасына жиналған қаржылай көмек табысталды. Қара...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде терроризмді насихаттады деп айыпталған ер адам 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айрылды, деп...