Маңғыстауда тойдан соң жаппай төбелес болды (ВИДЕО)

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
998

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданында жолдың қақ ортасында жаппай төбелес болды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Бейнежазбада төбелеске тойға келген қонақтардың қатысқаны жазылған.

Кадрларда жастардың көліктер жүріп жатқан жолдың үстінде төбелесіп жатқаны көрінеді. Мұнайлы аудандық полиция басқармасының мәліметінше, "Салтанат палас" мейрамханасының алдында төбелескен бірнеше адамның жеке тұлғасы анықталған.

Күдіктілер ұсталып, Ақтау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...