Айқын Төлепберген демалысқа екі әйелінен туған балаларымен бірге барған

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
291

Әнші Айқын Төлепберген жаздың соңғы күндерін отбасымен бірге Түркияда өткізіп жатыр. Шетелге алғашында ата-анасы, жары мен балалары аттанған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz sn.kz-ке сілтеме жасап. 

Елдегі жұмыстарын аяқтаған соң әнші де отбасының қасына барған.

Қазір өнер иесі балаларымен бірге демалып, ұлы Санжардың туған күнін атап өтіп жүр. Түркиядағы демалысқа Айқынның алғашқы некесінен дүниеге келген балалары да барған. Әлеуметтік желідегі жазбалардан олардың әкесімен бірге уақыт өткізіп жүргенін көруге болады.

Желі қолданушылары әншінің барлық баласын бөліп-жармай, бірге демалысқа алып барғанын ерекше атап өтті. Кейбірі Айқынның бұрынғы сұхбаттарының бірінде әр баласына пәтер алып қойғанын айтқанын еске салды.

Пікірлердің біріне жауап берген әнші жуырда қызы Аруға да үй алып бергенін жеткізді. Осыдан кейін оқырмандардың бірі Айқынға «бес жұлдызды әке» деген баға берді.

Ал кей желі қолданушылары балалардың басын қоспай, барлығына бірдей көңіл бөліп жүрген Жұлдыз Өмірғалидің де отбасындағы ұстанымын жоғары бағалап, оның даналығына сүйсінді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

БАӘ-нің Шарджа қаласында денелері табылған екі қазақстандық бойжеткеннің туыстары қайғылы оқиғаға қа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық танымал боксшы, Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында ел...