Басы дауға қалған Жанабыловтың анасы өз шындығын айтты

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
1089

Астанада отбасылық блогерлер Жанабыловтардың сот отырысы жүріп жатыр. Блогердің анасы аталған жағдай бойынша алғаш рет жазба жариялады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында жазды.

«Ерболат балам мектептегі концерттер мен жиналыстарды ешқашан жібермейтін. Бірақ соңғы жағдайларға байланысты бұл жолы келе алмады.

Немерем қазіргі болып жатқан жағдайларды, әкесінің сотта отырғанын білмейді. Сондықтан әкесінің жоқтығын білдіртпей, өзім барып қолдау көрсетіп жүрмін.

Біздің отбасымызға қолдау білдіріп жатқан жандарға Алла разы болсын көп рақмет. Маған да оңай емес. Күндіз түні балаларым үшін дұға жасап жүрмін», — деп жазды анасы. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылорда облысында учаскелік полиция инспектордың өліміне күдікті адам ұсталып, сот санкциясымен қа...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі актер Азамат Сатыбалды әлеуметтік желідегі парақшасында денсаулыққа қатысты тәжірибелерді зе...