«Ол сенің балаң емес»: Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы әйелі даулы мәлімдеме жасады

видеодан алынған скрин

Шоу-бизнес
184

Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бұрынғы жұбайы Ләйсирә Марат суррогат ана арқылы дүниеге келген балалар туралы пікір білдіріп, өзінің ана ретіндегі тәжірибесі мен бизнестегі жетістіктерін сөз етті, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Ләйсирә Марат суррогат ана арқылы бала сүюді франшиза сатып алумен салыстырды. Оның пікірінше, баланы басқа әйел дүниеге әкелген жағдайда, оны тәрбиелеп өсірген адам биологиялық анасы болып саналмайды.

«Суррогат анадан туған баланы франшизамен салыстыруға болады. Оны басқа біреу дүниеге әкеледі, ал сен сатып алып, жалғастыра аласың. Бірақ ол сенің балаң емес. Сен оны жай ғана өсіресің», – деді ол.

Сонымен қатар Ләйсирә Марат төрт баланы дүниеге әкелгенін айтып, өзін ана ретінде де, кәсіпкер ретінде де табысты адам санайтынын жеткізді.

«Мені өте фертильді әйел деуге болады: бизнесте де, бала мәселесінде де. Төртеуін дүниеге әкелдім, бәрі талантты, әдемі. Сондықтан менің фертильділігім өте жоғары, әсіресе бизнесте», – деді кәсіпкер.

Ол бизнестегі идеяларын өз күшімен жүзеге асыратынын және дайын франшиза сатып алмайтынын атап өтті.

Ләйсирә Мараттың айтуынша, командасы әзірлеген жобалардың біріне билеттер бір күннің ішінде толық сатылып кеткен. Ол мұны 20 жылдық еңбегінің нәтижесі деп бағалады.

«Біз франчайзингпен жұмыс істемейміз, франшиза сатып алмаймыз. Барлығы өз ойымыздан туған, барлығы – зияткерлік еңбек. Билеттер бір күннің ішінде сатылып, sold out болды. Міне, 20 жылдық еңбектің өтеуі», – деді ол.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында Степногорск қаласы мен Аршалы ауданының әкімдері қызметінен босатылды. Тиісті шешім...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шығыс Қазақстан облысында Пихтовка өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы аяқталды. Биіктігі 45 метрг...