«Күйеуімнің сыйлаған махрі»: Диана Скатова қуанышты жаңалығын бөлісті

Фото: әлеуметтік желіден

Шоу-бизнес
277

Танымал журналист әрі тележүргізуші Диана Скатоваға жолдасы ерекше сый жасады. Ол әйеліне автосалоннан жаңа көлік алып берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Журналист «Күйеуімнің сыйлаған махрі» деген жазумен видео жариялап, жолдасының тосынсыйын көрсетті. Кадрлардан Диананың автосалоннан жаңа көлігін қабылдап жатқанын көруге болады.

Сондай-ақ ол бұл өзінің алғашқы көлігі екенін айтып, қуанышын жасырмады. Журналист темір тұлпарды жолдасы Сұлтанның алып бергенін жеткізді.

Айта кетейік, Диана Скатова мен Сұлтан Нұрбеков 2026 жылдың 30 тамызында үйлену тойын өткізді. Жұп қуанышты күнін көпшілікпен бөлісіп, тіпті тойды онлайн тамашалауға мүмкіндік жасаған еді. Олардың үйлену тойы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. 

Диана бұған дейін болашақ жары Сұлтанмен 7-8 жыл бұрын танысқанын айтқан. Алайда олардың арасындағы сезім кейін пайда болған. Сұлтан Нұрбеков – музыкант, сондай-ақ Диана жүргізген «Qos Like» реалити-шоуында өнер көрсеткен топтың солисі болған.