Танымал әнші Айгүл Иманбаева өзінің тұрмыс құрғанына 1 жыл толғанын айтып желідегі парақшасына видео...
«Шешемнен қорықтым»: Мақпал Жүнісова неге қайта тұрмысқа шықпағанын айтты
Фото: ашық дереккөзден
Танымал әнші Мақпал Жүнісова жеке өмірінен сыр шертті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі марқұм күйеуі Заманбек Нұрқаділов қайтыс болғаннан кейін не себепті тұрмысқа шықпағанын айтты. Әншінің айтуынша, ол анасын тыңдаған.
10 жылдан кейін анама айттым: "Мама, егер маған бір жақсы адам кездессе, маған күйеуге шық деп айтса, сіз қалай қарайсыз?", - дедім. Көзі шарасынан шығып, түрі бұзылып кетті. "Әй, қарағым, Заманбектен артық біреуді табамын деп тұрсың ба? Мен тірі тұрғанда күйеу туралы айтушы болма" деді. Содан жұмған аузымызды ашқан жоқпыз. Біреу қараса да қараған жоқпыз. Тып-тыныш жүрдік, себебі шешемізден қорқамыз. Алдыңда анаң болса, сен әлі бала сияқтысың дейді. Сол рас екен. Біз соны тыңдаймыз енді, - деді әнші.
Желі қолданушылары әншінің бұл жауабына тәнті болып, қолдау білдіріп, жақсы пікірлер жазуда.
"Жас едіңіз ғой. Әйел бақытын тілеймін сізге", "Анаңыз өте дұрыс айтқан", "Аман жүріңізші", "Сізге қарайтындар көп қой", "Өте дана, тәрбиесі керемет жан", "Жаным тәп-тәтті. 100 жасаңыз", - деп жазды оқырмандар.