Мақпал Жүнісова Олимпиада жеңімпазы Ермахан Ыбрайымовпен өзара «махаббат хикаясы» жайлы айтты

Видеодан алынған скрин

Шоу-бизнес
2624

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова Олимпиада жеңімпазы Ермахан Ыбрайымовпен өзара «махаббат хикаясы» жайлы қалжыңдап айтып, тойда отырғандарды күлкіге қарық қылды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Ереке, өмірде сізбен жақын араласып көрмеген жанмын ғой. Бірақ екеуіміз жайлы не жазғанын естіп пе едіңіз? Оқып көрдіңіз бе? Сол күні шошып кеттім. Сөйтсем, біз сөздесіп жүр екенбіз. Сіз маған өлердей ғашықсыз-мыс. Осындай бір әңгімені ютубқа шығарып жіберіпті, оңбағандар», – деді әнші әзілмен.

Желіде таралған видеодан Ермахан Ыбрайымовтың «оқыдым, оқыдым» деп сәл қысылып қалғанын байқауға болады. Дегенмен, ол әншінің қалжыңын жылы қабылдады.

Шоу-бизнес

Әнші Айдана Меденова “Момский әңгіме” подкастында 20 жылдық концертте болмау себебі мен...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) мүше елдер басшылары қа...