Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті 2025 жылы «Лотерея және лотерея қызметі» ту...
«Қияметте жауап бересіңдер»: Елдос Қанаев коучтарды сынады
Фото: видеодан кадр
551
Әнші Елдос Қанаев әлеуметтік желідегі жазбасында ажырасуға кеңес беретін коучтар мен өзін «данышпан» санайтын адамдарды сынға алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оның айтуынша, олардың сөзіне сеніп ажырасқан әйелдер мен балалардың жағдайына сол кеңес берушілер жауапты болуы керек.
«Қолымда билік болса, “коучсымақтар мен данышпансымақтардың” сөзіне сеніп ажырасып жатқан, сөйтіп бала-шағасын асырай алмай, бақытсыз болып жатқан барлық әйелдің бала-шағасын асырауды солардың мойнына жүктейтін едім. Әйелінен айырылған еркектің ендігі үйленетін тойын, қызға берер қалыңмалын — бәрін солардың мойнына жүктейтін едім. Қияметте жауап бересіңдер», — деп жазды әнші.