Командам үшін барымды салдым": Әбиба Әбужақынова сұхбат берді

KAZ.NUR.KZ

СПОРТ
689

Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында жекелей сында да, командалық бәсекеде де сынға түсті. Жекелей сайыста өз салмағында өнер көрсетсе, командалық сында өзінен 10 кг ауыр дзюдошымен күресуге мәжбүр болған. 

"Бізде 57 кг салмақта лицензия алған дзюдошы болмады. Команда үшін күресуге мәжбүр болдым. Сондықтан мен осы салмақта күресуге міндетті едім. Командам үшін барымды салдым. Менен 10 кг ауыр, барымды салдым, бірақ оны бойы мен салмағы менен едәуір үлкен болды", - деді Әбиба Әбужақынова. 

Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында 48 кг дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол қола медаль үшін таласта Тара Бабулфаттан жеңіліс тауып, Олимпиада жүлдесін еншілей алмады. Сондай-ақ қазақстандық жанкүйерлер Алматы қаласының әуежайында Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаев бастаған дзюдодан Қазақстан құрамасын күтіп алды.

Қазақ

МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ1 Бөлім  Туризм дамуының теориялық аспектілері.1.1 Туризм ұғымы және мәні.1.2 Т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте полиция 25 жыл бұрын жасалған адам өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды madeniportal....