Милана Красавцева Парижде пара-таэквондодан ширек финалға шықты

Фото: Туризм және спорт министрлігі

СПОРТ
2568

Қазақстандық спортшы Милана Красавцева Париждегі Олимпиадада пара-таэквондодан ширек финалға шықты, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Милана Красавцева паратэквондодан 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Доминикан республикасынан Геральдо Диаспен іріктеу жекпе-жегін өткізді.

«Негізгі жекпе-жек 8:8 есебімен аяқталды. Қосымша раундта Милана 10:8 есебімен жеңіске жетіп, ширек финалға өтті», - делінген хабарламада. 

Келесі кезеңде ол Мексика спортшысы Джессика Гарсия Куиджианомен кездесуі керек.

Шоу-бизнес

Актриса Дариға Бадықова Асхат Садырбайға берген сұхбатында отбасындағы жауапкершілік пен тұрмыстық қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада арбамен келе жатқан әйел мен бес айлық баласын көлік қағып кетті. Сәби ауруханада көз жұ...