Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер...
Пара дзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы үшінші алтынды жеңіп алды
Фото: olympic.kz
Қазақстандық пара дзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Пара Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Отандасымыз J2 санатында 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік шықты. Финалда ол өзбекстандық Кемран Нуриллаевты жеңді.
Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын медаль түсті. Бұған дейін Давид Дегтярев 54 келіге дейінгі салмақта пара пауэрлифтингтен алтын алса, Еркін Ғаббасов 10 метр қашықтықтан пневматикалық мылтықпен нысана көздеуде (R1) топ жарған еді.
Пара дзюдо туралы не білеміз?
Пара дзюдо – көру қабілеті бұзылған спортшылар қатысатын жекпе-жек түрі. Бұл спортта спортшылар көру қабілетінің ерекшелігіне қарай J1 және J2 санаттарына бөлінеді. J1 санатына көру қабілеті қатты бұзылған спортшылар, ал J2 санатына көру қабілеті ішінара сақталған спортшылар жатады.
Пара дзюдодағы белдесулер дәстүрлі дзюдо ережелері бойынша өтеді. Алайда спортшылар белдесуді бір-бірінің кимоносынан ұстап тұрып бастайды. Бұл оларға қарсыласының орналасуын сезіп, жекпе-жекке бейімделуге мүмкіндік береді.