Қазақстан теннисінде бұрын-соңды болмаған жетістік: Рыбакина әлемде №1 атанды

ҚТФ

СПОРТ
527

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA-ның жаңартылған әлемдік рейтингінде алғаш рет бірінші орынға көтерілді. Оның еншісінде 9 901 ұпай бар, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Рыбакина 7 875 ұпай жинаған Арина Соболенконы басып озып, одан 2 026 ұпайға алға шықты. Үшінші орында 7 265 ұпаймен америкалық Джессика Пегула тұр.

Қазақстандық теннисші бірінші орынға шығуын US Open-2026 турниріндегі тарихи жеңісімен бекітті. Финалда ол Соболенконы 6:4, 5:7, 6:2 есебімен жеңіп, US Open-дегі алғашқы әрі мансабындағы үшінші «Үлкен дулыға» титулын иеленді.

Осылайша, 27 жастағы Рыбакина WTA тарихында әлемнің бірінші ракеткасы атанған 30-шы теннисші және жекелей сында әлемдік рейтингті басқарған Қазақстанның тұңғыш өкілі болды.

СПОРТ

Қазақстандық еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Астанада өтіп жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатының...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада полиция есірткі сақтап, таратты деген күдікпен 21 және 37 жастағы екі шетел азаматын ұстады...