Спорттық гимнастика: Милад Карими 5-орынға тұрақтады

Фото: syrboyi.kz

СПОРТ
2368

Спорттық гимнастикадан еркін жаттығудың финалдық сайысы мәресіне жетті, деп хабарлайды madeniportal.kz ulyssport.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Милад Карими Париж Олимпиадасында спорттық гимнастикадан кезекті финалда бақ сынады.

Еркін жаттығудан ақтық сында отандасымыз финалда 14.500 ұпай жинап, 5-орынға ие болды. Айта кетейік, Милад бірнеше күн бұрын еркін жаттығудың іріктеуінде 14.433 ұпаймен 7-сатыға тұрақтаған.

Карими өзінің алғашқы Токиодағы Олимпиадасында кермедегі және еркін жаттығудан, жекелей көпсайыстан ақтық сынға шыққан. Ол кезде еркін жаттығуда 14.133 ұпаймен 5-орыннан көрінген. 

Енді тұтқалы ат снаряды бойынша Нариман Құрбанов финалда өнер көрсетеді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...