Маржан (Айек) Ершу
Ақын, драматург, аудармашы, прозаик, сатирик Ершу Маржан Аманқосқызы 1977 жылы 15-сәуірде Атырау облысы, Жылыой ауданында туған. Атырау педагогикалық институтының филология факультетін, әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың аспирантурасын тәмәмдаған. Филология ғылымдарының кандидаты. IV халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-При иегері, Халықаралық «Бөбек» қорының арнайы дипломымен марапатталған. 1996 жылы – Атырау қаласының Әнұраны «Атырау қалам» әнінің сөзін жазған. Осы әннің сөзін жазғаны үшін «Жылдың үздік ақыны», «Жыл адамы» атағын иеленген.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Еуразия Жазушылар Одағының мүшесі. ҚР Президенті стипендиясының иегері. Таранжы атындағы сыйлықпен марапалған.
Өлең әлеміне Айек деген атпен енген. «Шырақ» 2004, «Пырақ» 2008 , Аламан» 2015 атты кітаптары басқа атпен, «Айек» деген псевдониммен жарыққа шыққан. Айек - Сұлтан Бейбарыстың анасының аты. Өлеңдері Бейбарыстай күшті, қалпақпен ұрса құламайтын мықты болса деп арманнан туған.
2010 жылы ТҮРКСОЙ-дың ұйымдастыруымен Кипрде өткен Қорқыт ата тақырыбына арналған симпозиумге қатысып, «Ақындардың арғы атасы - Қорқыт» тақырыбында баяндама жасаған. Түрік ақын-жазушыларын қазақша сөйлетті.
Татар халқының ұлы ақыны Ғабдолла Тоқайдың, Фзулидің өлеңін қазақшаға аударған.
Өлеңдері «Жас ақындар жырларының антологиясына» енген. «Дариға ғұмыр, жыр –жүрек» (1998); «Таңғы шық» (2000), «Отырар кітапханасы» сериясымен «Жапырақ ғұмыр» (2001), « «Шырақ» (2004) , «Пырақ» 2008, «Аламан» 2015, «Ерік Құрманғалиев» 2014, «Ораз би» 2014 кітаптары бар.
Драматургия саласында 2010 жылы Д.Нұрпейісова туралы «Дина» атты алғашқы мистикалы музыкалық драма жазды. 2011 жылы жазылған Махамбет Өтемісұлы туралы «Исатай-Махамбет» атты тарихи драманың, Айша бибі мен Қарахан туралы «Махаббат туралы аңыз» атты мюзиклдің авторы. Жаңа замандағы жаңа әдебиетке қазақы рухты шығармалар берген. Ғарышкер Т.Әубәкіровті, батыр Хиуаз бен Бауыржан Момышұлын, күйші Динаны жыр тілінде сөйлетіп, поэмаға айналдырған.
Сондай-ақ түрік әдебиетінің поэзия, прозасынан жасаған аудармалары да бар.
(Хикаят)Атырау қойнауының тынышын кетірген ақпанның ақырған ақ бораны дала етегін желпілдетіп...
(фин халық ертегісінің желісімен)Ерте, ерте, ертеде,Сонау алыс өлкеде.Бір паң мырза болыпты.Бар дәул...
Маржан Ершу – қазақтың көрнекті ақыны. Шығармашылығы Қазақстанда ғана емес, Түркия, Мажарстан,...
- Қолымызда жаңа кітап. Аты да ерекше екен. Жаңалығы ең алдымен осы болар деп ойлаймыз. Бұл идея бас...
ПОЭЗИЯ – ЖҮРЕКТЕРДІҢ ЕЛШІСІ ... Түркияда ноғай халқының атақты ақын қызы Кадрия Темі...
Маржан ЕршуБүгін 15 сәуір «Ғашықтар күні. Бұл күнді «Ғашықтар күні» тіпті Ақындар...
2 ақпан күні Астанадағы №54 мектеп-лицейде Рахымжан ағаның кездесуі өтеді деп хабарланды. Ағам...
-Маржан, 15 сәуір «Ғашықтар күнімен» тұспа тұс келген туған күнің құтты болсын! Оқырманд...