Жаңа адамдар «Қазақстан - бар ғұмырым» Бірінші жастар Конвентін өткізеді

Фотосурет инстаграм парақшасынан алынған

Қазақстан
367

13 шілдеде бір алаңда алғаш рет белсенді азаматтық ұстанымы бар жас, креативті, шығармашыл адамдар бүкіл елге: «Қазақстан - бар ғұмырым»  деп жариялау үшін бас қосады, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі zhana.adamdar инстаграм парақшасына сілтеме жасап.
 
Конвентке қатысушыларды бірегей білім беру бағдарламасы, бір жерде жиналған елдің үздік фестивальдары, акционерлер жарысы және танысу нүктелері күтеді.
 
Іс-шара соңында Ninety One, Dequine, Aikyn, BONAPART, Yenlik, Moldanazar  және құпия қонақ секілді үздік әртістер бір сахнада өнер көрсетеді!
 
Қатысу үшін convention.kz сайтына тіркеліп, бейнежазба түсіру керек. Бейнежазбада өзің туралы айтып, «Мен неге Конвентке барамын?» сұрағына жауап беру маңызды. Кейін бейнежазбаны  #конвенткебарамын хэштегімен әлеуметтік желіге жариялап,  өз қалаңның Кампусынан билет алу қажет!
 
Сайтта тіркелу: convention.kz
Колл-центр: 8 707 070 40 50

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...