Шавкат Рахмоновтың қарындасы шенді қызметке тағайындалды

Фото: instagram/sora_rakhmonova_

Жаңалықтар
663

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова шенді қызметке тағайындалды.

Сора Рахмонова Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазба жариялап, жаңа қызметке кіріскенін мәлімдеді. "Жаңа қызмет! Құттықтап қойсаңыздар болады. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі, Алматы қаласы бойынша департаментінің қызметкері болып өзімді жаңа қырымнан сынамақшымын. Менің негізгі міндетім Төтенше жағдайлар министрлігінің спорттық идеологиясын насихаттау. Төтенше жағдайлар қызметі үнемі спорттық бапты талап етеді. Елдің амандығы, жұрттың тыныштығы үшін жиырма төрт сағат бойы қауіп-қатермен бетпе-бет келетін қызметкерлер жұртты құтқарамыз деп өз бастарын бәйгеге тігіп жүреді. Бұндай қиын да жауапты қызметте жүріп бір сәт те босаңсуға болмайды! Әрқашан спортпен айналысып, ел амандығы үшін қызмет ететің құтқарушылар қатарына мен де қосылдым! Жаңа қызметіме сәттілік тілеп қойыңыздар", - деді Сора Рахмонова.

Айта кетейік, Рахмонова Сора Бақтыбайқызы қоян-қолтық ұрыстан қазақ қыздары арасынан шыққан тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы, кәсіпқой аралас жекпе-жек жауынгері, кикбоксинг, кайбокс, ММА, панкратион спорт түрлерінен ҚР спорт шебері, бразилиялық джиу-джитсудан көк белбеу иегері.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...