Иманғали Тасмағамбетов Халық артисі Талғат Теменовті Халықаралық театр күнімен құттықтады

ТЕАТР
1657

Мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетов Халық артисі Талғат Теменовті Халықаралық театр күнімен құттықтап елге сәлем жолдады, деп хабарлайды "Мәдениет порталы" Талғат Теменовтің facebook парақшасына сілтеме жасап.

"Жан досым Талғат!  Қалайсың? Үй-іші аман ба? Бүгінгі  Мерекелерің құтты болсын! Театр күнін айтам. Есіңде болар, баяғыда сені ТЮЗ ға басшы боп бар дегенде ат тоныңды ала қашып ең... Енді бүгін театр екінші үйің болды. Саған театрдың пайдасы тиді. Сенің де театрға жасаған еңбегің ұшан-теңіз. Біз де аман. Москвадан шыға алмай қалдық... Күн де, ауа райы да биыл ерекше. Өткен жолы "жігіттер сұрап жатыр" - деп едің. Менен бәріне сәлем айт! Үйде бекер жатпай бір жұмыс жазып жатырмын. Мені де Творческий адам жасадыңдар... Ең негізі мына кеселден аман-есен өтуге жазсын. Өзім де бәріңді сағындым... Ұшайын десем қанат жоқ... Аман-есен бас қосуға жазсын! Аман бол досым! Кұрметпен, Иманғали", - деп жазған.


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: CЕНІМНІҢ САЛМАҒЫ НЕМЕСЕ САҢЛАҚ САРДАР ЖАЙЛЫ ЖЕТІ ТҮЙІН


author

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов

ҒАЛЫМ

Мемлекет басшысы

Бүгін Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 71 жасқа толды. Айтулы күнде мемлекет ба...

Жаңалықтар

Шымкентте асырап алған балаларына мал бақтырып, иттің етін жегізген ер адам сот алдында жауап береді...