Жаңа оқу жылына арналған мемлекеттік гранттар қалай бөлінді?

Фото: Ақорда

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
300

Жаңа оқу жылына бөлінген гранттар мен квоталар туралы ҚР ҒЖБМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есинбаева тоқталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы еңбек нарығының білікті кадрларға қажеттілігіне сәйкес қалыптастырылады. Биыл гранттардың 60%-ы инженерлік-техникалық, 20%-ы педагогикалық, ал 20%-ы басқа бағыттарға бөлінді. 

2026-2027 оқу жылына бакалавриат бағдарламалары бойынша шамамен 75 мың білім беру гранты қарастырылды. Конкурсқа 127 мыңға жуық өтініш қабылданып, гранттар ҰБТ нәтижелері, талапкерлердің таңдауы және заңнамада белгіленген квоталар ескеріле отырып тағайындалды. 

Конкурс қорытындылары Республикалық конкурстық комиссия отырысында бекітіліп, нәтижелері ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің, министрліктің ресми ақпараттық ресурсында жарияланады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова кенже қызы Рабия Сұлтанның бір жасқа толған туған күнін а...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа адамдардың AntiLIPA Азаматтық науқаны осыған дейін Ayana Clinic-те тексеру жүргізген. Сол кезде...