Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли сынып жетекшісі Зайтуна Мұқажанқызының 80 жасқа толуына бай...
1 қазаннан бастап WhatsApp-та хабарламалар жіберу ақылы болады
Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz
169
1 қазаннан бастап WhatsApp бизнес-аккаунттарға қатысты ережелерді өзгертеді. Енді компаниялар WA Business Platform арқылы клиенттерге жіберетін хабарламалары үшін ақы төлейтін болады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Қазақстанда тариф шамамен 0,018 долларды, яғни әр хабарлама үшін шамамен 8 теңгені құрайды. Бұл ретте әр бизнес-нөмірге ай сайын 1000 тегін хабарлама беріледі.
Осы шектен кейін компаниялар келесі хабарламалар үшін ақы төлей бастайды. Мысалы, компания бір айда осындай 10 мың хабарлама жіберсе, оның 9 мыңы үшін ақы төлеуі қажет. Бұл шамамен 162 долларды немесе 72 мың теңгені құрайды.
Бұл ретте клиенттер хабарламалар үшін ақы төлемейді. Өзгерістер WhatsApp Business Platform платформасын, сондай-ақ автоматты хабарламалар, CRM, чат-боттар және басқа да қызметтерді пайдаланатын кәсіпкерлерге қатысты.
Қарапайым WhatsApp және API интеграциясы жоқ стандартты WhatsApp Business те жаңа тарифке жатпайды.