“10 баланы еденге отырғызып, бір қасықпен тамақтандырған”: Шымкенттегі бала-бақша сұмдығы ашылды

Фото: Видеодан кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
1031

Оқиға Шымкенттегі "Березка" балабақшасында болған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Stan.kz-ке сілтеп.

Онда тәрбиешілер балаларды бір табақтан, бір қасықпен тамақтандырып, асты антисанитариялық жағдайда әзірлеп келген. Тіпті сол қасықпен тәрбиеші де ас ішкен. Мұны ата-аналар бейнебақылау камерасынан байқаған.

Олардың сөзінше, балаларға берілген ас  екі қасық ботқа ғана. Мұнда нан, су жоқ, шай да, компот та берілмейді. Түскі аста да екі қасық сорпа ғана беріледі екен. Ал асхана орнына ескі қойма қолданылып келген. Ол жердің қабырғалары кір, әктелмеген, едені лас. Тіпті, балаларға тамақ әзірленетін плитаның да үсті кір болған. Ата-аналар осындай балабақшаға айына 20 мың теңге төлейді екен.

Бір қызығы балабақшада жалғыз орындық қойылған шағын бөлме болған. Оның қандай мақсатта қолданылатыны белгісіз.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...