Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің басшыларының бірі ұсталды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
731

Каспий теңізінде 14 әскери қызметшінің қаза болуына байланысты Қазақстан Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы Данияр Хайрушев ұсталды. Оның ұсталғанын Қорғаныс министрлігі растады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Іс бойынша барлығы командалық құрамның бес өкілі ұсталған. Олардың қатарында ВМС бас қолбасшысының бірінші орынбасарынан бөлек, екі әскери бөлімнің командирі, теңіз жаяу әскері ротасының командирі және катер командирі бар. Олардың барлығы күдікті деп танылып, Ақтаудағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тергеу барысында оқу-жаттығу тапсырмасын қолайсыз ауа райында өткізу туралы шешім қалай қабылданғаны, қауіпсіздік шараларының сақталғаны, метеорологиялық жағдайлардың ескерілгені және «Қайсар» катерінің техникалық жағдайы тексерілмек.

СПОРТ

UFC-дің бұрынғы чемпионы Мераб Двалишвили Абу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде соққыға жығылған, деп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрман қызметінен кететінін мәлімдеді. Ол бұ...