Біреуі көз жұмды: Түркістан облысында ағайынды екі жігітті пышақтап кетті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
926

Түркістан облысы Төлеби ауданы Зағамбар ауылында ағайынды екі жігітті пышақтап кетті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға 29 қазанда болған. Ер адамдар арасында жанжал болып, салдарынан оқиғаға қатысушылардың бірі екі жергілікті тұрғынға пышақ жарақатын салған.

"Жарақаттанғандардың бірі ауруханада ем қабылдаса, екіншісі ауруханада қайтыс болды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер екі күдіктіні де ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алды", - дейді Түркістан облыстық полиция департаменті.

Осы факті бойынша "Адам өлтіру" және "адам өлтіруге оқталу" баптарымен қылмыстық істер қозғалды.

Қылмыстық істердің тергеу барысы Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында, дейді ведомстводағылар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгінде жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасының (ЖМЗЖ) мөлшері 2,5%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш...

ӘДЕБИЕТ

Шәмелхан Мәлімбай –  Өр Алтай өңірінен келген ақын. Өлеңдері де Алтайдың асқар таулары сы...