«Алла бәрін көріп тұр»: Әуежай қызметкерін құтқарып қалған Мұса Әбдірайым халықтың алдында ақталды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
706

Алматы әуежайының қызметкерін қарулы ер адамнан құтқарып қалған Мұса Әбдірайым қазақстандықтардың  айыптауына жауап берді, Мadeniportal.kz Alash.kz -ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Алматы әуежайында болған оқиғаны көпілік қойылым, Тасмағамбетовтің мәлімдемесіне орай ұйымдастырылған спектакль деп атады.

Ал қызметкерді құтқарып қалған азамат Мұса Әбдірайым қоғамның сыны мен қолдауын бірдей қабылдайтынын айтты.  

"Бұл оқиға туралы әркім әртүрлі пікір білдіріп жатыр. Бірі шексіз алғысын жеткізсе, енді бірі сынап, жағымсыз сөздер айтып отыр. Алла бәрін көріп тұр. Көптің аузына қақпақ бола алмайсың. Кім не айтқысы келсе, соны айтсын", – деді Мұса Әбдірайым.

Ол шындықтың өз жағында екенін, біреуді сендіруге тырыспайтынын жеткізді. 

Сондай-ақ ол Тоқаев табыстаған марапат туралы сөз қозғады. Ол өзін батыр деп санамайтынын, сол сәтте қызды құтқаруды ғана ойлағанын жеткізді.

"Қыздың тезірек босап шыққанын қаладым. Оны жібергенін көргенде, иығымнан жүк түскендей болды. Қатты қуандым. Ол кезде жарақат аламын-ау деп те ойламадым", – дейді ол. 

Мұса сынды сабырмен қабылдап, адамдардың даттаушылар мен мақтаушылар болып екіге бөлінетінін айтты. Ол үшін ең маңыздысы – аман қалған әуежай қызметкерінің өмірі. 

 

Шоу-бизнес

Танымал әзілкеш, актер Қайрат Әділгерей келіншегімен ара қатынасы жайлы айтты, деп хабарлады Мadenip...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы қайтыс болды, деп хабарлайды Madeniportal.kz. Болат Бопайұлы 1960 ж...