Атыраудағы қамыс өртін әлі сөндіріп жатыр

Фото: Атырау облыстық ТЖД

ЖАҢАЛЫҚТАР
1032

Атырау облысында «Ақжайық» табиғи резерватындағы қамыс өрті әлі толық сөнген жоқ, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан мәлім еткнедей, бүін резерваттағы 20 гектар аумақтағы өртті сөндіру жалғасып жатыр.

Табиғи резреваттағы қамыс өртін сөндіруге «Қазавиақұтқару» АҚ су төгу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағы тартылды. Тікұшақпен тілсіз жау ошақтарына 27 рет, жалпы көлемі 81 тонна су төгілді. Қызыл жалынның елді мекендерге таралу қаупі жоқ, - деп мәлім етті департаменттің имидждік жұмыс және сыртқы коммуникациялар тобынан. 

Өртті сөндіруге Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамынан және «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 52 адам, 10 техника, сондай-ақ «Қазавиақұтқару» АҚ-ның тікұшағы жұмылдырылды.

Жалын шарпыған аумақта уақтылы ақпарат алмасу үшін командалық-штабтық автокөлік арқылы байланыс орнатылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...