Алматыдағы концертте Дженнифер Лопес жас отбасының алғашқы сәбиінің жынысын айтып берді

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2143

10 тамызда Алматыдағы Орталық стадионда әлемге әйгілі әнші Дженнифер Лопестің жеке концерті өтті. Ең есте қаларлық сәттердің бірі күтпеген жағдай болды: әнші стадионда бір жұпқа арнап гендер-пати ұйымдастырды, деп хабарлады  Мadeniportal.kz.

Концерт барысында әншіге УДЗ қорытындылары салынған конверт беріліп, сәбиінің жынысын жариялап беруін сұрады. Дженнифер қуана келісті де, конвертті ашып, былай деді:

«Бұл – қыз бала. Бұл сіздердің тұңғыштарыңыз ба? Сіздердің тамаша қыздарыңыз болады. Ол дені сау, бақытты болып өссін. Құттықтаймын!» – деді әнші сахнадан.

Пікірлерде қолданушылар: «Сәбиінің жынысын әлемдік жұлдыздың өзі жариялаған соң, ол қыз да сөзсіз жұлдыз болады» деп жазды.

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...