Алматыға жақын маңда жер сілкінді

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2485

2025 жылғы 19 қаңтарда Астана уақытымен сағат 11:30-да Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Алматы қаласынан 364 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

"Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 364 шақырым жерде орналасқан. Магнитудасы 4,4 құрады. Қазақстан аумағында жер сілкінісі сезілмеді",-делінген хабарламада.

Еске салайық, 2025 жылғы 17 қаңтарда Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 220 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелген болатын. Жетісу облысы Жаркент қаласында және Алматы облысы Шонжы ауылында жер сілкінісінің күші 2 баллды құрады

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...