«Казцинк» зауытындағы төтенше жағдай: ТЖМ жарылыс туралы мәліметтерді жариялады (ВИДЕО)

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
400

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Өскемендегі Казцинк зауытында болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы соңғы мәліметтерді жариялады, сондай-ақ қирау мен өрттің ауқымы жөнінде хабарлады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына келген кезде ашық жану байқалған.

«ТЖМ күштерімен өрт 120 шаршы метр аумақта толық сөндірілді, сондай-ақ цех конструкциялары 220 шаршы метр аумақта опырылған. 7 адам зардап шекті, оның ішінде 2 адам қаза тапты, 2 адам ауруханаға жатқызылды, 3 адам үйіне жіберілді», – делінген хабарламада.

Оқиға орнында жедел штаб құрылды. Салдарын жоюға шамамен 80 құтқарушы, 18 техника, кинологиялық топтар, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, командалық-штабтық көлік пен ТЖМ дроны жұмылдырылған.

Қазіргі уақытта үйінділерді аршу жұмыстары жалғасып жатыр. Облыстық ТЖД-да жедел желі жұмыс істейді: 8 (7232) 55-38-19.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ким Гон Хи кәсіпкерлер мен саяси қолдау іздеген адамдардан қымбат сыйлықтар алғаны үшін кінәлі деп т...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі әнші Тоқтар Серік әлеуметтік желідегі парақшасында әулеті үшін қуанышты жаңалық болғанын айт...