Түркістан облысында даун синдромы бар бала соққыға жығылған, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Ulysmedi...
Ақмола облысында Audi жүк көлігімен соқтығысты: ер адам мен бала қаза тапты
Orda kz
487
Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Ресми емес мәлімет бойынша, ол да бала, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Полицияның мәліметінше, адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы Бұланды ауданындағы Астана – Петропавл автожолының 157-шақырымында болған.
«Көкшетау бағытына бет алған Audi Q8 көлігінің жүргізушісі жол жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан MAN жүк көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды», – деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желідегі пікірлерде куәгерлер қаза тапқан екінші адамның 10 жастағы бала болғанын жазуда. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Үшінші адам түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.