Ақтөбеде зауыт аумағында жұмысшыға найзағай түсіп қайтыс болды

pixabay.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2349

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты аумағында 36 жастағы жұмысшы қайтыс болды. Вагонға металл сынықтарын тиеп жүрген ер адамға найзағай түскен, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. Қайғылы жағдай 8 тамыз күні сағат 16:30 шамасында Ақтөбе ферроқорытпа зауыты аумағында болды. "Металлург" ЖШС-нің экскаватор машинистіне жұмыс орнында найзағай түсіп, тіл тартпай кеткен.

 "Алдын ала болжам бойынша, жұмысшы вагонға металл сынықтарын тиеп жатқан. Найзағай түсіп, оқиға орнында қайтыс болды. Мән-жай сараптама барысында анықталады. 1988 жылғы экскаватор машинисті "Метеллург" ЖШС-нде жұмыс істейді. 16 жыл еңбек өтілі бар", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық еңбек инспекциясынан.
Ал Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі ақпаратынша, Ақтөбе ферроқорытпа зауытына жедел жәрдем қызметі сағат 17:03 уақытында шақырылған. "Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері ер адамның қайтыс болғанын анықтады",- деді облыстық денсаулық басқармасы өкілдері.
8 тамызда Ақтөбеде найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауған болаты

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...