«Бір үйдің 5 баласы»: Маңғыстауда ерлі-зайыпты балалар үйінен бір отбасының балаларын асырап алған

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1929

Бір үйдің 5 баласын асырап алған жұбайлар бір мезетте көпбалалы атанды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ақтаулық Бейсенбек Рысжанов пен Ляззат Абдашованың туған үш баласы бар. Олар қазір бірден көпбалалы ата-ана атанды. Көпбалалы болуды армандаған жұбайлар бала асырап алу порталына тіркеліп, ұсыныс түскенде бірден бес бауырды асырап алуға шешім қабылдаған. 

«Балалар бір-бірінен ажырамауы керек деп санадым. Үлкенін басқа отбасыға бермек болғанын естіп, барлығын бірге алуға өтініш білдірдім. Балалар бірден мама, папа деп атап кетті», - деді Ләззат Абдашова. 

Бауырлардың үлкені – 15-те, кенжесі - 4 жаста. Жаңа отбасына бірден сіңісіп кеткен. 

Отбасы балаларға үй тарлық етпес үшін, жоғары қабаттан қосымша төрт бөлмелі пәтер сатып алған, деп жазды облыстық қоғамдық коммуникация орталығы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...