Нұрлан Қоянбаев “Zamandas” подкастында естеліктерін айтып, қызық оқиғасын бөлісті, деп х...
Барлық өңірде «Әділет» партиясының филиалдары ашылады
Фото: «Әділет» партиясы
«Әділет» партиясының II Съезінде ел аумағында партияның өңірлік құрылымын кеңейту туралы маңызды шешім қабылданды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Оған сәйкес, партия филиалдары Қазақстанның барлық облыстарында және республикалық маңызы бар қалаларда құрылатын болды. Сондай-ақ жиын барысында партия филиалдары туралы ереже ресми түрде бекітілді.
Партия өкілдерінің айтуынша, жаңа өңірлік құрылымдар аумақтық қағидат негізінде жұмыс істейді. Бұл азаматтармен тікелей байланысты күшейтуге, жергілікті деңгейдегі мәселелерді жедел анықтап, шешім қабылдау процесін тиімді жүргізуге мүмкіндік береді.
Съезд делегаттары дауыс беру нәтижесінде партия филиалдарын құру туралы бастаманы және «Әділет» партиясы филиалдары жөніндегі ережені бірауыздан қолдады. Құжат партияның аймақтардағы жұмысын жүйелеуге және ұйымдық құрылымын біріздендіруге бағытталған.
Партия өкілдері бұл қадам өңірлердегі қоғамдық-саяси жұмысты жандандырып, халықпен кері байланысты күшейтуге ықпал ететінін атап өтті. Сонымен қатар жергілікті деңгейде азаматтардың ұсыныстары мен мәселелерін орталыққа жеткізу тетігі жетілдірілетіні айтылды.
Жаңа филиалдар алдағы кезеңде кадрлық құрамды қалыптастырып, аймақтарда партияның бағдарламалық мақсаттарын іске асыруға кіріседі деп күтілуде.