Енді пластик пакет қолдануға тыйым салынады

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2500

Өзбекстанда пластик пакеттерді өндіруге, импорттауға және пайдалануға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бұл елде 2025-2027 жылдарға арналған пластикпен ластануды азайту жөніндегі ұлттық бағдарламаның жобасы әзірленіп жатыр. Жаңа заң 2027 жылы қабылданбақ.

"2027 жылдан бастап полиэтилен пакеттерін өндіруге, импорттауға және пайдалануға тыйым салу және экологиялық таза (биологиялық ыдырайтын) пакеттерді пайдалануды ынталандыру ұсынылып отыр. Бұдан басқа пластикалық өнімдерде зиянды химиялық заттарды пайдалануды шектеу және қаптамада қайта өңделген пластикті пайдалану мөлшерін белгілеу жоспарланған", – делінген хабарламада.

Құжаттың жобасы осы жылдың қарашасына дейін атқарушы биліктің қарауына енгізіледі деп күтіліп отыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысындағы Жангелдин трагедиясына қатысты сот процесі шешуші кезеңге жақындады. Бір отбасыны...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан автономиялық ауданында болған жойқын су тасқыны салдарынан кемі...