Қазақстанда ақшаның мына түрін енді еш жер қабылдамайды

Фото: ІІМ

ЖАҢАЛЫҚТАР
758

Павлодар тұрғыны Нұрбек Шайкенов (аты өзінің сұрауымен өзгертілді) әжесінің ескі сандығын қопарып отырып, ақшаның мол қорын тауып алды. Бірақ шаттығы артынша су сепкендей басылған, деп хабарлайды Madeniportal.kz Inbusiness сайтына сілтеме жасап.

 

"Пәшке-пәшке, бума-бума қаржы! Жиырма және елу тиындар. Бірақ қайда жіберерімізді білмейміз. Таяуда банктердің біріне апардым. Менеджер көре сала, өзін-өзі ұстай алмай жырқ-жырқ күлкісіне ерік берді. Сөмкеге толтырып апарған қағаз тиындарымды тамашалауға банк бөлімшесінің барлық қызметкері жиналды. Видеоға түсіріп, әлеужеліге салайық деп қиылды. Өздері қабылдап алғысы келмейді. Содан келіспедім. Елге тегін әжуа болып қайтемін. Егер банк алғанда, 50 мың теңгедей шығатын еді", – деді павлодарлық.  

Талғат Қалдыбаев та қағаз тиындарын не істеуге болатынын білуге ынтық. Ол осы сұрақпен тікелей Ұлттық банкке жүгініп, хат жазды.

"Айналымнан баяғыда шығып қалған тиындарды не істеуге болады? Тиындарды қазіргі кезде теңгеге айырбастап алудың жолы бар ма?", – деген сауал жолдады ол монетарлық реттеушіге.

"Кеңес беріңіздерші! 2, 5, 10, 20, 50 тиын номиналындағы монет тиындарды теңгеге қалай ауыстыруға болады", – деп сұрады Ольга Соколюк.

Ұлттық банк қазақстандықтардан қағаз және монет тиындарға қатысты электрондық поштасына келіп түсіп жатқан өтініштерді қарағанын хабарлады.

"Қазақстан Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы "Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын қолданудың кейбір мәселелері туралы" №549 жарлығына сәйкес, қолданыста болған қолма-қол тиындарды ақша айналымынан алып тастау 2012 жылдың 31 желтоқсанына дейін жүзеге асырылды. Яғни, 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап, 2, 5, 10, 20 және 50 тиын номиналындағы бүкіл ақша белгілері айналымнан шығарылды", – деді Ұлттық банк.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Русалканы құшақтау үшін Ақтауға барған бойжеткеннің әрекеті көпшілікті таңқалдырды, деп хабарлайды m...

PESTEL

1 шілдеден бастап кәмелеттік жасқа толған дат әйелдері әскери қызметке шақырылады. Данияда әскери қы...