Депутат жүргізушілерге сынақ мерзімін енгізуді ұсынды. Бұған жауап ретінде премьер-министрі заңға...
«Самұрық-Қазына» мен ҚТЖ басшыларының ұсталған сәті: желіде күтпеген кадрлар тарады
коллаж MadeniPortal.kz
Әлеуметтік желіде «Самұрық-Қазына» қорының басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басшысы Елжас Отыншиевтің ұсталу сәті бейнеленген делінген фото және видеолар тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жарияланған алғашқы суретте Нұрлан Жақыповқа ұқсайтын ер адам көк жейде киіп, пәтер есігінің алдында бірнеше адамның ортасында тұрғанын көруге болады. Ал өзге кадрларда Елжас Отыншиевке ұқсайтын азаматты бірнеше адамның ғимараттан алып шығып бара жатқаны бейнеленген. Аталған кадрлар әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Дегенмен олардың нақты қай жерде және қашан түсірілгені, сондай-ақ кадрдағы адамдардың кім екені ресми түрде расталған жоқ.
Еске салайық, 12 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Самұрық-Қазына» қорының басшысы Нұрлан Жақыпов пен ҚТЖ басқарма төрағасы Елжас Отыншиевтің ұсталғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, олар 11 қараша күні өзге де тұлғалармен бірге сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен ұсталған. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҰҚК істің егжей-тегжейін Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияламайтынын мәлімдеді.