Халықаралық іздеуде жүрген шетелдік ұсталды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2293

Шымкентте халықаралық іздеуде жүрген шетелдік қолға түсті, деп хабарлады madeniportal.kz рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 41 жастағы шетел азаматын ұстады.

 Ер адамға кеден заңнамасын бұзғаны және пара алғаны үшін көрші елдің құқық қорғаушыларымен халықаралық іздеу жарияланған.

Ол қылмыстық қудалаудан 11 жыл бойы жасырынып жүрген. Қазіргі таңда ер адам қамауға алынды. Оны экстрадициялау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау қаласында Жангелдин ауылындағы отбасының өліміне қатысты іс бойынша тергеу аяқталды, деп хаба...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың осы уақытқа дейін белгісіз болып келген хаты табылды, деп...