Павлодарда 16 баланы ұрып келген балабақша қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты

Фото: Gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
840

Павлодар қаласында 2-2,5 жас аралығындағы бүлдіршіндерді жүйелі түрде ұрып-соғып келген тәрбиешіге қатысты сот үкімі жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz azattyq-ruhy-на сілтеме жасап. 

Тергеу барысында сотталушының кішкентай балаларға қатысты бірнеше рет күш көрсеткені дәлелденді. Мемлекеттік айыптаушы тәрбиешінің бүлдіршіндерге физикалық және психологиялық зардап келтіргенін анықтады. Атап айтқанда, ол балаларды ұрып-соғып, шаштарынан жұлқылап, жерге және жан-жаққа лақтырып, күш көрсеткен.

Прокурордың ұстанымы мен бұлтартпас айғақтарды ұсынуының нәтижесінде, тәрбиешіге қатаң айып тағылды.

Сот шешімімен кінәлі тұлға 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, оған қатысты жазаны өтеуді кейінге қалдыру тетігі қолданылды. Сондай-ақ ол 3 жыл бойы педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан айырылды.

Айта кетерлігі, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Қазіргі уақытта тараптардың аппеляцияға беруге құқығы бар.