«Анам қайтты, балам ауырды»: Астаналық келіншек әріптестерін алдап, 2 млн теңге жинаған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
165

Елордалық келіншек декреттік демалыста отырып, бір жыл бойы өзінің әріптестерін алдап келген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ол отбасындағы қайғылы оқиғаларды айтып, анам қайтыс болды, балам ауыр халде деген сылтаумен олардың жанашырлық сезімін тудырған.

Оның сөздеріне сенген және көмек көрсеткісі келген әріптестері, отбасылық мәселелерді шешуге және баланы емдеуге қажет деп ойлап, сотталған әйелге ақша қаражатын аударып отырған.

Қылмыстық әрекеттердің салдарынан жәбірленушілерге 2 млн теңгеден астам сомаға шығын келтірілген. 

Жеңілдететін мән-жайларды, атап айтқанда кінәсін мойындауын, шын жүректен өкінуін, келтірілген залалды ішінара өтеуін ескере отырып, сот үкімімен оған 3 жыл мерзімге пробациялық бақылау белгілене отырып, бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енді.

Қала прокуратурасы материалдық көмек сұрау немесе қаражат жинау жағдайларында сақ болуға және ақпараттың дұрыстығын тексеруге кеңес береді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада сот шешімімен тәркіленген Перизат Қайраттың элиталы тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлері қала...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ер адам отбасын құру ниетімен 4-5 ай бойы келіншекпен жақын қарым-қатынаста болған, деп хабарлайды M...