«Отбасылық өміріме араласпа»: Алматыда ер адам анасын ұрып, қолын байлап тастаған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
259

Алматыда қолы байланған күйде көшеге қашып шығып, жұрттан көмек сұраған әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Кадрлардан әйелдің жалаңаяқ жүргенін және қолының бинтпен байланғанын көруге болады. Видео авторының мәліметінше, әйелге өз ұлы күш көрсеткен. Ол анасының «отбасылық өміріне араласқанына» ашуланып, оны ұрып-соғып, кейін қолын байлап қойған делінеді.

Оқиғаға қатысты Алматы полициясы тексеру жүргізіп жатыр. Құқық қорғау органдары әйелдің жеке басын анықтап, одан түсініктеме алған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап дәрігерлер мен өзге де медицина мамандары денсаулығына зиян келген жағ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы тойлардың бірінде әнші Абай Бегейдің жары Фариза Жуманова қымбат смартфон ұтып алып, көпш...