Ұлттық киім киген мысық елдің ашуын тудырды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1888

Әлеуметтік желіде қазақтың ұлттық киімі кигізілген мысықтың бейнежазбасы тарап, қызу талқыға түсті, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Видеоны көрген желі қолданушылары бұл көріністі қатты сынға алып, қарсы пікір білдірді. 

 

Домбыраның үнімен толықтырылған бейнежазбада басына сәукеле, үстіне жасыл камзол мен қос етек көйлек кигізілген мысықтың ары-бері жүріп, одан кейін кішкентай киіз үйге кіріп кеткені анық көрінеді. Куәгерлердің бірі бұл көріністі видеоға түсіріп алып: "Мынау не сұмдық! Қазақтың ұлттық дүниелерін мазақ ету ме?!" деп жазып, желіге жүктеген.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары да автордың сөзімен келісетіндерін айтып, басым көпшілігі «Бұл не масқара?!», «Істеген адамды заңға тарту керек?», «Қазақтың ұлттық дүниелерін мазақ қылып бітті ғой», «Тексіздік қой мынау!» деген сияқты пікірлер жазып, істеген адамды дереу жауапқа тарту керектігін де айтып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...