Рамазан айы қашан басталады?

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
389

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Шариғат және пәтуа бөлімі 2026 жылға арналған діни күнтізбені ресми түрде бекітті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бекітілген күнтізбеде мұсылмандар үшін аса маңызды саналатын Рамазан айының басталу күні, Қадір түні, Ораза айт және Құрбан айт мерекелерінің мерзімі көрсетілген.

Мүфтияттың мәліметінше, 2026 жылы Қазақстан аумағында қасиетті Рамазан айы 19 ақпанда басталады. Рамазан – мұсылмандар үшін рухани тазару, сабыр мен ізгі амалдарға мән беретін ай болып саналады. Бұл кезеңде жамағат ораза ұстап, тарауық намазын оқып, қайырымдылық жасауға ерекше көңіл бөледі.

Ал ислам әлемінде мың айдан да қайырлы саналған Қадір түні 16 наурыздан 17 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Бұл түнде Құран түсе бастағаны айтылады, сондықтан мұсылмандар оны құлшылықпен, дұға-тілекпен өткізеді. Рамазан айының аяқталуын білдіретін Ораза айт мерекесі 20 наурызда аталып өтеді.

Сонымен қатар мұсылмандардың ең ұлық мерекелерінің бірі саналатын Құрбан айт 2026 жылы 27–29 мамыр аралығында өтеді. Үш күнге созылатын бұл мейрамда жағдайы жеткен мұсылмандар құрбандық шалып, мұқтаж жандарға көмек көрсетеді. Құрбан айт – бірлік, мейірімділік пен өзара қолдаудың символы болып табылады.

Дегенмен ҚМДБ өкілдері діни мерекелердің нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты бір күнге ерте немесе кеш белгіленуі мүмкін екенін ескертті. Мүфтияттың түсіндіруінше, һижра айларының басталуы халықаралық астрономиялық зерттеу орталықтарының деректеріне сүйене отырып есептеледі.

Осыған байланысты дін қызметкерлері мен жауапты мамандар азаматтарға ресми хабарламаларды қадағалап отыруды және мерекелік күндерге қатысты нақты ақпаратты ҚМДБ-ның ресми дереккөздерінен алуға кеңес береді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...