Режиссер Әділхан Ержановтың «Сары мысық» картинасы «Оскар» киножүлдесінің &l...
«Жол ақысы қымбаттайды ма»: Астана әкімдігі мәлімдеме жасады
Астана әкімдігі
Астана қаласының әкімдігі қоғамдық көліктегі жол жүру тарифіне қатысты түсініктеме берді. Әкімдік мәліметінше, соңғы 12 жылда жол ақысы небәрі бір рет қайта қаралып, қазіргі уақытта 110 теңгені құрайды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
2014 жылы елордадағы қоғамдық көлікте жол жүру құны 90 теңге болған. Содан бері тасымалдаушылардың негізгі шығындары айтарлықтай өскен.
Мәселен, 2014 жылы дизель отынының бір литрі шамамен 107 теңге болса, қазір 329 теңгеге жеткен. Жүргізушілердің орташа жалақысы сол кезеңдегі 100–150 мың теңгеден қазіргі уақытта автобус класы мен жұмыс режиміне байланысты 700 мың теңгеден басталады.
Сонымен қатар қосалқы бөлшектер, шиналар, аккумуляторлар, автобустарды жөндеу және жаңа көлік сатып алу құны да өскен. Соған қарамастан, соңғы үш жылда елорда тасымалдаушылары 1127 жаңа автобус сатып алған.
Әкімдік 2026 жылғы есеп бойынша бір жолаушыны тасымалдаудың орташа есептік құны қазіргі 110 теңгелік жол ақысынан айтарлықтай жоғары екенін атап өтті.
Бұл ретте зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар, мүгедектігі бар азаматтар және басқа да жеңілдік санаттары үшін тегін жол жүру сақталады. Сондай-ақ Астанада білім алатын 18 жасқа дейінгі балалар қоғамдық көлікте тегін жүре береді.