Стамбұлдағы жер сілкінісінен 236 адам жарақат алған

Фото: elitar.kz

PESTEL
1289

Кеше Түркияның Стамбұл галасында жойқын жер сілкінісі болды. Қала әкімшілігі зардап шеккендер туралы ақпарат таратты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, магнитудасы 6,2 болатын жер сілкінісі салдарынан 151 адам жарақат алған, қазіргі таңда ол 236 адамға өсті. қаза тапқандар жоқ. 

"Даурығып, биіктен секірген азаматтар ем қабылдауда. Олардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Қаза тапқандар жоқ. Қалада тұрғын үйлерге зақым келген жоқ. Тек Фатих ауданында бір қараусыз қалған ғимарат қирады", – деді билік өкілдері Habertürk телеарнасына берген сұхбатында. 

Сондай-ақ жер сілкінісінен кейін энергиямен қамту, газ инфрақұрылымы, сумен жабдықтау және кәріз жүйесіне әсер ететін ешқандай теріс салдар тіркелмегені айтылды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Колумбияда бортында 15 адам болған жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады, олардың арасында конгрессмен Дио...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте тағы бір әйел пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Шымкент қалас...