«Баламмен жүргенде басқа адам көңілін аулады»: Дана Нұржігіт бұрынғы күйеуі туралы ашық айтты

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
568

Белгілі тележүргізуші Дана Нұржігіт журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында бұрынғы күйеуі Әліммен ажырасуына не себеп болғанын айтып, көптен бері көкейінде жүрген сырын ақтарды. Ол он жыл бойы бала күткенін, ал ана атанғаннан кейін отбасылық өмірінде қиындықтар басталғанын жеткізді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тележүргізуші ажырасуға екі тараптың да кінәсі болуы мүмкін екенін жасырмады. Алайда ол бұрынғы жұбайының әрекеттері өзіне ауыр тигенін айтты.

«Біздің екі жаққа кеткенімізге екі жақтан да кінә болған шығар деп ойлаймын. Мен Әлімді 10 жыл күттім. Он жыл бойы біз бала аңсадық. Сосын аяқ астынан өзі басқарған «Хабардан» жұмыстан шығарып жіберді. Өзі көтерген адам. Басқа адам көңілін аулады. Мен баламен жүрген кезде. Мен оны білмегенмін», – деді Дана Нұржігіт.

Ол сатқындықты тек тән опасыздығымен байланыстыру дұрыс емес деп есептейді. Тележүргізушінің пікірінше, ерлі-зайыптылардың бір-бірінен рухани алыстауы әлдеқайда ауыр.

«Менің түсінігімде, көзге шөп салу деген – біреумен жатып келу емес. Менің түсінігімде, жаның бір болмауында, мүддең бір болмауында. Мақсатың бір болмауында. Ең басты сатқындық – сол», – деді ол.

Сондай-ақ Дана Нұржігіт тек бала үшін отбасын сақтап қалуға тырысуды құптамайтынын ашық жеткізді.

«Жалпы бала үшін отбасын сақтап қалу деген – қиял. Мен ондай өтірікте баламды өсіргім келмейді», – деді тележүргізуші.

Осылайша, Дана Нұржігіт отбасындағы сенім мен ортақ мақсат жоғалған жағдайда, сырт көз үшін некені сақтап қалу дұрыс емес деген ұстанымын білдірді.