Бүгін Париж Олимпиадасында жарысқа араласатын қазақстандық атлеттердің сайыс кестесі жарияланды, деп...
«Арманым орындалды»: Назым Қызайбай қуанышты жаңалығын бөлісті
әлеуметтік желі
Бокстан үш дүркін әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Назым Қызайбай көптен бергі арманын жүзеге асырып, жеке бокс залын ашты. Танымал спортшы қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Бокс залының ресми ашылу салтанаты әлі өтпегенімен, жаттығу жұмыстары басталып кеткен. Қазір мұнда балалар мен ересектер, ерлер мен әйелдер қабылданып жатыр.
«Сіздермен қуанышты жаңалығымды бөліскім келеді. Көп жылдан бері өзімнің бокс залымды ашуды армандап жүрдім. Қолдау көрсеткен жандардың көмегімен сол арманым орындалды. Әзірге ресми ашылу салтанаты өткен жоқ, бірақ залымыз жұмысын бастап кетті. Бокспен айналысқысы келетіндердің барлығын залымызға шақырамын», – деді Назым Қызайбай.
Спортшының айтуынша, жаңа бокс залында екі жаттықтырушы жұмыс істейді. Екеуі де оның жақын құрбылары әрі спорт шеберлері.
Айта кетейік, Назым Қызайбай – қазақ әйелдер боксының тарихында үш мәрте әлем чемпионы атанған спортшы. Ол 2014, 2016 және 2025 жылдары әлем біріншілігінде топ жарып, 2024 жылы Париж Олимпиадасының қола жүлдесін жеңіп алды.