Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі жаңа өмірге дайындалып жатқанын айтты

ашық дереккөз

Шоу-бизнес
1434

Танымал продюсер Мөлдір Мұқан жаңа баспанасындағы жөндеу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын көрсетіп, көптен күткен қуанышымен бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа үйінің ішкі көрінісін жариялап, әр бөлшегіне ерекше мән беріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, басты мақсаты – балаларына жайлы әрі жылуы мол шаңырақ қалыптастыру.

«Иә, бұл менің кеңістігім. Жаңа үйімнің әр бөлшегіне назар аударып, үлкен ықыласпен жасалып жатқан жөндеу жұмыстарының бүгінгі күйін көрсеткім келіп тұр. Бұл расымен жай ғана жөндеу емес, біраз жылдарға сапалы әрі жайлы жағдай, балаларым үшін ыстық ұя болса екен деген ниетпен жасалып жатқан еңбек», – деп жазды Мөлдір Мұқан.

Продюсер болашақ баспанасының интерьері алдын ала дайындалғанын, ал қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатқанын жеткізді. Сондай-ақ жөндеу барысын оқырмандарына апта сайын көрсетіп отыруы мүмкін екенін айтты.

«Армандаған үйлеріңіз, сіз ойлағаннан да жайлы болсын, достар. Жанымнан табылған жақсы адамдарым, рақмет. Жаңа үйімдегі жайлылықты асыға күтудемін», – деп жазды ол.

Мөлдір Мұқан құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мамандарға ризашылығын білдіріп, жаңа баспанасының толық аяқталуын асыға күтіп жүргенін жасырмады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұғалімдер енді мәселесін бір қоңыраумен жеткізе алады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейм...

ЖАҢАЛЫҚТАР

12 жылға бас бостандығынан айырылған Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев денсаулығына б...