“Реал Мадрид” президенті Қайрат Боранбаевқа ерекше сыйлық жасады

Фото: әдеуметтік желіден

СПОРТ
93

«Қайрат» футбол клубының бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Мадридте «Реал Мадрид» президенті Флорентино Переспен кездесіп, одан арнайы сыйлық алды. Испаниялық клубтың басшысы қазақстандық кәсіпкерге артында «KAIRAT 1» деген жазуы бар футболка тарту еткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайрат Боранбаев бұл туралы Instagram парақшасында жазды.

Оның айтуынша, былтыр «Реал Мадрид» Алматыға толық құраммен келген кезде клуб президенті Флорентино Перес Қазақстанға келе алмаған. Сондықтан бұл жолы Перес Боранбаевты Мадридке арнайы қонаққа шақырған.

«Былтыр «Реал Мадрид» бізге, Алматыға, толық құраммен келді. Президент Флорентино Перес ол кезде ұша алмады, сондықтан бұл жолы мені қонаққа шақырды», – деп жазды ол.

Боранбаев Испания астанасына УЕФА-ның әлеуметтік және экологиялық тұрақтылық комитеті төрағасының екінші орынбасары ретінде жұмыс сапарымен барған.

Сапар барысында ол «Реал Мадрид» пен «Сельта» арасындағы кездесуді де тамашалаған. Матч алдында Флорентино Переспен футбол туралы әңгімелесіп, одан ерекше сыйлық алған.

«Президентпен футбол туралы әңгімелестік, ол маған KAIRAT 1 деп жазылған футболка сыйлады. Мұнда кім бірінші нөмір екенін білмеймін: мен бе, әлде «Қайрат» футбол клубы ма. Менің ойымша, екінші нұсқа. Бірақ футболканы өзіме қалдырамын», – деп әзілдеді Қайрат Боранбаев.

Сондай-ақ ол «Қайрат» клубының соңғы жылдардағы жетістіктеріне тоқталып, команданың Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шығуын академия мен жүйелі жұмыстың нәтижесі деп бағалады.

«Қайрат» футбол клубы бір жылда Чемпиондар лигасының алғашқы топтық кезеңінен әлемдегі ең ұлы клубтардың бірінің президентінің жылы сөздеріне дейін жетті. Бұл академия мен біз құрып жатқан жүйенің нәтижесі. Біз енді ғана бастадық», – деп жазды клуб басшысы.

Айта кетейік, «Қайрат» 2025/26 жылғы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінде «Реал Мадридпен» кездескен болатын. Алматыда өткен матчта испаниялық клуб 5:0 есебімен жеңіске жеткен.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бельгиялық отбасы асырап алған қазақ жігіті Жәнібек Савельев көпшілікке бұрын айтпаған өмірлік оқиға...

PESTEL

Ресейдің Якутия Республикасындағы Октемцы ауылында жеке үйде атыс болып, 15 жастағы жасөспірім қаза...