Португалия құрамасы Криштиану Роналдусыз матчтың барлығында жеңіске жетті

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
444

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) Ұлттар лигасы матчтерінен кейін ұлттық құрамалардың рейтингін жаңартты. Португалия құрамасы басты жұлдызы Криштиану Роналду дау-дамаймен кеткеннен кейін әлемдегі бесінші команда болды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлемдік рейтингтің жаңа нұсқасында Португалия құрамасы екі сатыға көтерілді. Португалдардан жоғары кейінгі әлем чемпионатының жартылай финалында ойнаған төрт команда ғана тұр: Испания, Аргентина, Франция және Англия.

Ұлттар лигасының биылғы маусымында 41 жастағы футбол жұлдызы тек бір матчте – Уэльске қарсы (1:0) 67 минут ойнап, нәтижелі іс-қимылдарымен көзге түсе алмады. Норвегияға қарсы келесі матчте Роналду қосалқы құрамда қалды, ал команда 1:2 есебімен жеңіске жетті.

Роналду құрамадан кеткеннен кейін португалдар тағы екі кездесу өткізді: қонақта даттарды 4:2 есебімен жеңіп, кейін өз алаңында Норвегияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.  

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман неліктен Салатанатқа оның мінезінің ауыр екенін ес...

Шоу-бизнес

Әлеуметтік желіде әнші Қайрат Нұртастың тойда түсірілген видеосы тарады. Кадрда бір бойжеткен дастар...