Италиялық жүгіруші Валентина Петрилло Паралимпиада ойындары тарихындағы тұңғыш трансгендер спо...
Айгүл Орынбек: "Дәл осы Олимпиадада бокстан көбірек медаль күткен едік…"
Фото: оlympic.kz
Белгілі заңгер Айгүл Орынбек өзінің Facebook парақшасында Париж Олимпиадасында бокстан ел намысын қорғаған бокшыларға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Ол Олимпиада жарысында бокстан жеңіліп жатқанымыздың себебі бас бапкердің кінәсі дейді. Оның жазуынша, спорттың бұл түрін де жемқорлық жаулап алған көрінеді.
"Президентіміз Азия ойындарынан кейін, спортты жемқорлықтан тазалауға нақты тапсырма берген еді! Ол тапсырма өкінішке қарай орындалмағанын осы ойындардан көруге болады.
Мен және бүкіл қазақ елі бокстың жанкүйеріміз! Дәл осы Олимпиадада бокстан көбірек медаль күткен едік…
Жақында ғана келген Бокс федерациясының басшылығына өкпе жоқ! Барынша лицензия алып беру міндетін атқарды. Ары қарай тактиканы дұрыс жоспарлау бас бапкер Мырзағали Айтжановтың міндеті еді. Спортшыларды алдын ала Европаға апарып адаптациядан өткізіп, психологиялық тұрғыда дайындау керек еді", - дейді Айгүл Орынбек.
Заңгердің жазуынша, Өзбекстан елінің бас бапкері Тулкин Киличев спортшыларын алдын ала екі апта бұрын Еуропаға апараған. Осы орайда біздің еліміздің намысын қорғайтын боксшыларды қайда жаттықтырғанын айтып өтті. Сондай-ақ, Айтжановқа сұрақ қойып, "Баланың обалы сіздің мойныңызда", - деп жазған.
"Ал біздің бас бапкер Олимпиадаға баратынын біле тұра чемпиондарды сол баяғы “Алматау” да дайындап, енді міне нәтижесі! Европада қонақ үйлерден, тамақтан ақша жей жымқыра алмайтын болған соң, “Алматауда” жаттықтырдыңдар ма?
Спортсмендерді кінәламаймын, оларға календарьды алдын ала бас бапкер сызып береді! Қанға сіңіп кеткен жемқорлық, спортшыларымыздың еңбегін жоққа шығаратын болды…
Шымкенттік Мақмұт Сабырханды өз салмағында неге шығармадыңыз Айтжанов мырза? Баланың обалы сіздің мойныңызда!", - деп жазды ол.
Сонымен қатар ол Антикор төрағасы Асхат Жұмағалиге Олипиададан кейін бір тесеріс керек екенін меңзеді.