«Қайрат» капитаны билет бағасына қатысты пікір білдірді

Фото: әлеуметтік желіден

СПОРТ
755

Алматылық “Қайрат” қорғаушысы Еркін Тапалов баспасөз конференциясында алдағы Чемпиондар лигасы матчы алдында билеттердің толық өтпеуіне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ертең “Қайрат” Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің үшінші турында Алматының Орталық стадионында Кипрдің “Пафос” клубын қабылдайды. Ойынға арналған ең арзан билет – 30 мың теңге, ең қымбаты – 250 мың теңге тұрады. Бүгінгі көрсеткішке қарасақ, трибуналардың біраз бөлігі әлі сатылмаған. 

Көңіл-күй жақсы, жеңіске жету үшін 100 пайыз дайынбыз. Көрермен саны біздің ойынымызға әсер етпейді. Қандай қолдау болса да, біз жеңіс үшін ойнаймыз. Биылғы Чемпиондар лигасында тарих жазып, жеңіс әкелгіміз келеді. Әрине, бізді шын қолдайтын, шынайы жанкүйерлер болады деп ойлаймын. Соларға көп рақмет айтамын, қолдау білдіретіндеріне қуаныштымыз, – деді Тапалов.

Сондай-ақ, “Қайрат” футбол клубының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин де билет бағасына қатысты сұраққа жауап берді. Қазақстандық маман бұл мәселе клуб басшылығының құзырында екенін, матчқа шын жанкүйерлер келетінін атап өтті.

Шынымды айтсам, бұл менің құзыретіме кірмейді. Мен билеттерге де, олардың бағасына да жауап бермеймін. Бұл сұрақты клуб басшылығына немесе осы іспен айналысатын адамдарға қойған дұрыс. Менде ол туралы нақты ақпарат жоқ, – деді Уразбахтин. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...